Байғанин техникалық колледжі 2024-2025 оқу жылы бойынша кезекті түлектерін:
“Есеп және аудит”
“Ауыл шаруашылығын механикаландыру”
“Тамақтандыруды ұйымдастыру”
“Дәнекерлеу ісі”
“Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу”
мамандықтары бойынша түлетіп, ұясынан ұшырды. 75 бітірушінің 3-еуі қызыл диплом иесі атанды. Салтанатты түрде колледж қабырғасында қабілетімен, өнерімен, еңбекқорлығымен көзге түсіп, ерекшеленген түлектермен қатар білімін жалғастырушы студенттер, ата-аналар, жас мамандар мен еңбегі сіңген педагог қызметкерлер марапатталды. Кеш соңы бітіруші түлектердің қимастық сезімге толы әндерімен безендірілген, әдемі кешпен жалғасын тапты.
3 жылдық еңбек пен естен кетпес сәттердің соңғы нүктесі де келіп жетті. Сіздерге тек сәттілік, шыдамдылық пен шабыт тілейміз!
Армандарыңыз орындалып, енбектеріңіз елене берсін!
Сәт сапар, Жас маман!
Ақ жол!