«WorldSkills Aktbe-2024» аймақтық чемпионаты

Мамыр айының 13-17 аралығында Ақтөбе қаласында өткізілген «WorldSkills-2024» Кәсіби шеберлік чемпионатына колледжімізден «Аспаздық ісі», «Плиткамен қаптау», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттіліктері бойынша сайысқа қатысып жүлделі орын алған студенттеріміз бен әріптестерімізді құттықтаймыз!


WorldSkills - бұл жұмысшы мамандықтардың  беделін көтеруге және шеберлік дағдыларын дамытуға арналған халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. WorldSkills қозғалысы, оның ішінде EuroSkills, жастарды жұмысшы мамандығын игеруге баулиды және еліміздің жас мамандарына әлемдік аренада өздерінің кәсіби шеберліктері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

WorldSkills Kazakhstan миссиясы - кәсіптік бағдар беру, кадрларды даярлау, сарапшылар қоғамдастығын құру және еңбек өнімділігін арттыру тетіктерін қоса алғанда, халықаралық стандарттарға негізделген техникалық мамандықтар бойынша жоғары технологиялық өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ету механизмдерін қалыптастыру.

Негізгі мақсаттар:
1. Жастарды кәсіптік оқытудың және оларды Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізудің үздік әлемдік тәжірибесін анықтау;

  1. Инновациялық процестерді ынталандыру және Қазақстанның ТжКБ жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
  2. Білім беру бағдарламаларын жетілдіруге тұрақты әдістемелік көмек көрсету арқылы Қазақстанның сарапшылар қауымдастығын дамыту;
  3. Жұмыс істейтін адамның мәртебесін және техникалық мамандықтардың беделін көтеру.

Worldskills»-ке қатысу колледжімізде 2017 жылдан басталды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық «WorldSkills – 2017» жарысына қатысушылар:

2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ

«Дизайн және киімдерді үлгілеу» компетенциясы

  • Тәжібаева Элиза – сертификат;

«Дәнекерлеу технологиясы» компетенциясы

  • Берікбаев Жансұлтан – сертификат.

 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ

«Аспаз ісі» компетенциясы

  • Иният Нағима – 2 орын (аймақтық);

«Дәнекерлеу технологиясы» компетенциясы

  • Таңқин Саят - 3 орын (аймақтық).

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫ

Ақтөбе қаласында ағымдағы жылдың наурыз айында дәстүрлі «Worldskills Kazakstan Aktobe-2019» жұмысшы мамандықтар иелерінің үздіктерін  анықтау чемпионаты өтті. Сайысқа тәуелсіз сарапшылар төрағалық  етуге еліміздің әр аймағынан майталман шеберлер шақырылды. Чемпионатқа Байғанин техникалық колледжінен 4 студент қатысты. Сайыста 4 күнге созылды.

         «Аспаз ісі» компетенциясы бойынша

  • Иният Нағима - 3 орын (аймақтық);

         «Дәнекерлеу технологиясы» компетенциясы бойынша

  • Қуанышбеков Айбол - «Үздік маман»;

         «Дизельді двигательді жөндеу және күтім жасау» компетенциясы бойынша

  • Бекназаров Талап - «Үздік маман»;

         «Жеңіл автомобильді жөндеу және күтім жасау» компетенциясы бойынша


  • Ұлықпан Бекзат «Алғыс хатпен» марапатталды.