Кәсіби тәжірбие және өндірістік оқыту

Бүгінгі күні біздің, білім беру ұйымының алдында еңбек нарығына қажетті, бәсекеге жарамды кәсіби білікті мамандарды даярлау міндеті тұр. Осыған байланысты кәсіптік және техникалық білім беруде өндірістік тәжірибенің маңызы зор. 

Студенттерге арналған өндірістік практиканы ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319-ІІІ Заңына (2016.09.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – Білім туралы Заң), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексіне (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК), сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Өндірістік тәжірибе колледж студенттернің орындауға міндетті болып табылатын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда оқу процесінің ажырамас бөлігі.

Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға, әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.

Өндірістік тәжірибе  –  әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және дипломдық жұмысты орындауға ақпарат жинау.

Заман талабына сай оқытудың жаңа жүйелері өндрісітік оқыту мен тәжірибеге аса көңіл бөлуді талап етеді. Атап айтқанда модульдік оқыту, дуальдық оқыту жүйелері бойынша студенттер 40 пайыз теорияда, 60 пайыз өндірісте өткізуге бағытталған.

Оқу орны, оқу жылының басында кәсіпорындармен екі жақты келісім-шартқа (келісім-   шартта екі жақтың талап-міндеттері толық көрсетіліп жазылады) отырып, келісім шарт негізінде студенттер кәсіпорын басазында тәжірибеден өтеді. Кәсіптік тәжірибенің маңызы, студенттің теориялық білімін шыңдап, тәжірибе барысында бекіту болып табылады. Кәсіби тәжірибенің артықшылығы, студент кәсіпорынға барған күннен бастап өзін маман ретінде ұсынады, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады, өздігінен шешім қабылдау, әрекет ету қасиеті дамиды, болашақ кәсіптік жарамдылығын өндірісте сынайды. Тәжірибе барысында өзін жан-жақты көрсету арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады.

Кәсіптік тәжірибе барысында көзбен көріп, қолмен жасап үйренген, машықтанған студенттің болашақ мамандығының жаңа сатысына өтіп, оқу бітіріп жұмысқа орналасу кезінде мәселелер болмасы анық.

Дуалды оқыту – бұл кәсіби білім беру түрі, онда дайындықтың тәжірибелік бөлігі жұмыс орнында, ал теориялық бөлігі – білім беру ұйымының базасында өтеді. Бұл жүйе екі бағыт бойынша-теориялық және практикалық маманды дайындауды көздейді. Оқыту уақытының 1/3-і колледжде базалық білім алады,ал 2/3 — білім беру кәсіпорнында іс жүзінде маңызды білім алады.
Басты мақсат-өндірісте базалық жұмыс дағдылары қалыптасқан білікті және сауатты түлекті дайындау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде (ТжКБ) МДҰ қазақстандық моделін әзірлеу.

Басқаша айтқанда, алғашқы күннен бастап жұмысқа қосылып, оны жоғары кәсіби деңгейде орындайтын маман дайындау. Сонымен қатар, Дуалды білім беру Қазақстанның жұмыс берушілерінен белгілі бір дағдылар мен білімі бар мамандарға тапсырыс қалыптастыруды көздейді.
Бүгінде колледжде дуальды оқыту табысты жүзеге асырылуда, өйткені мұндай үлгідегі білім беру құрылымдары бастапқыда өндіріске бағытталған орта буын мамандарын даярлауды көздейді.Қазіргі таңда колледж дуалды оқыту бойынша Байғанин ауданында орналасқан «Айгерім» дәмханасы,
«Инжир» асханасы, «Мерей ИК» ЖШС, «ТАУ Стандарт Сервис» ЖШС, «Мариям» тігін ательесі сияқты жұмыс орындарымен келісімге отырып, студенттер тәжірбиеден өтуде.