Байғанин техникалық колледжі студенттерінің ішкі тәртіп ережесі
- Жалпы ереже
Байғанин техникалық колледжінің ішкі еңбек тәртіп ережесі Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» туралы заңдарына, колледж жарғысына сәйкес құрылған, мұнда педагогикалық қызметкерлердің, студенттердің еңбек және оқу міндеттері, оқу тәртібіне шығармашылық қарым-қатынасы, еңбек тәртібін үнеміді қолдануы қамтылған. Ішкі тәртіп ережелерін қолдануына байланысты барлық сұрақтарды колледж басқармасы өзіне берілген құқық аралығында шешеді, ал Заңдағы және Ішкі тәртіп ережесінде қарастырылған кейбір жағдайларда кәсіподақ ұжымымен келісіліп немесе бірге шешіледі.
- Колледж студенттерінің негізгі міндеттері:
- Колледж студенттері міндетті:
- ҚР лайықты азаматы болуға, өз еленің конституциясын білуге және сақтауға, мемлекеттік символдарды құрметтеуге, халық дәстүрін сыйлауға.
- Таңдап алған мамандығы бойынша іс жүзінде әдеттер мен іскерлікті терең меңгеруі қажет.
- Конституцияға және қоғамға қарсы кез келген жат қылықтарға қарсылық көрсету.
- Әрқашан өзінің мәдени және мамандық деңгейін жоғарылату үшін жұмыс атқаруы, қажетті және шығармашылық ғылым негіздері мен өзін-өзі тану әдеттерін меңгеру.
- Колледж жарғысын, ішкі тәртібін сақтау.
- Міндетті оқу және іс жүзіндегі сабақтарға қатысу.
- Оқу жоспары мен бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды белгіленген уақытында орындауы қажет.
- Колледжде қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді қатысу, өзіне-өзі қызмет ету және өзін-өзі басқару барысында тәрбиелеу. Ұжым ынтасымен жеке басының мүддесін үйлестіруді үйрету. Меншіктің барлық түрін сақтау және нығайту. Жетіспеушілікке, ауытқушылыққа шыдамдылықпен қарап, белсенділік өмірлік орнын алу, колледждің қоғамдық өміріне қатысу, колледж басқарушылары мен оқытушыларының нұсқауларына бағыну, студенттер мен қызметкерлердің ар намысын сыйлау. Адамдармен қарапайым қарым-қатынаста болу. Өзінің сыртқы күйіне көңіл бөлу, өзін ұстау мәнері, киім кигенде қарапайымдылық, сыпайылық таныту.
- Колледжге, аудиторияға оқытушылар, кураторлар кірген кезде студенттер орнынан тұрып сәлемдесу керек.
- Студенттер оқыту сабағы үстінде оқытушылардың түсініктемелерін және жолдастарының жауаптарын мұқият тыңдауы қажет, сөйлеспей және сабақтан өзге жұмыстармен айналыспай, оқытушылардың барлық нұсқауларын орындауы тиіс.
Сұрақ-жауап кезінде орнынан тұрып, содан соң ғана оқытушының рұқсатымен отыруы қажет
- Студенттерге оқытушының немесе әкімшіліктің рұқсатынсыз әр түрлі заттарды зертханадан, оқу және басқа орындардан алып кетуіне тиым салынады.
- Науқастанып және басқа себепті жағдайлармен сабаққа келмеген уақытта, студент осы жайында топ басшысына хабар беру қажет, ол топ кураторына жеткізеді. Науқастанып қалған жағдайда топ басшысына ауырғаны туралы анықтама қағазын беру қажет.
- Колледж директорының бұйрығы бойынша әр оқу жылына студенттер арасынан тәртіпті, ұйымдастырғыш, үздік студенттерден топ басшысы сайланады. Топ басшысы топ кураторларының басшылығымен жұмыс істейді.
- Топ басшысының міндетіне мыналар кіреді: топтағы тәртіпті қадағалау, оқу бөліміне студенттердің белгілі бір себептермен кешігуін, сабаққа келмеуі туралы хабарлама жасайды, оқу құралдары мен қоғамдық мүліктердің сақталуын, сабақ оқу кестесіне енгізілген өзгерістер туралы студенттерге ескерту беруге, топтағы студенттер арасында оқулықтар мен оқу құралдарын уақытылы қабылдап және оны бөлуге, топтағы кәсіподақ ұжымымен қоғамдық жұмыстарға, спорттық және мәдени шараларды бірлесіп өткізуге, студенттердің шәкіртақыларын уақытылы алуын қадағалайды. Топ басшысының берген тапсырмаларын барлық студенттер орындауға міндетті.
- Топ басшысы топ арасындағы кезекшілік кестесіне сәйкес әр күн сайын кезекші сайлайды.
- Топтағы кезекшіге мынандай міндеттер жүктеледі: тәртіп, тазалық және оқу орнындағы оқу кабинетінің заттарының сақталуын қадағалайды, келесі болатын сабаққа керекті құралдарды (бор және т.б.) дайындайды.
- Студенттер колледж формасын қатаң сақтауға міндетті : ер балалар костюм-шалбар, ақ көйлек; қыз балалар ақ блузка, қара юбка;
- Итеру, бір нәрсені лақтыру, қорқыту арқылы талап ету, зорлық жасау сияқты айналадағыларға қауіпті кез келген әрекеттер істеуге және колледжде сабақ уақытында ұялы телефон пайдалануға, өзімен бірге ұшты, өткір заттарды ұстауға, алып келуге тыйым салынады.
- Жұмыс уақыты және сабақ оқуды ұйымдастыру.
- Колледжде аптасына 6 күн жұмыс күні белгіленген.
Басқару, оқу-тәрбие және әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері үшін жұмыс уақытының ұзақтығы -7 сағат.
- Сабақ бір ауысымда өтеді:
- Сабақтың басталуы-8:30
- Сабақтың аяқталуы – 13:40
- Сабақ уақытының ұзақтығы -45 минут, сабақ аралық үзіліс-5минут, жұп аралық үзіліс-10 минут.
- Оқу топтарында қабылданған студенттер саны белгіленеді: күндізгі бөлімде -25 адам
- Тиым салынады:
- Сабақты себепсіз бастауға;
- Сабақ өтіп жатқанда дәлізде дауыстап сөйлеуге; біреуге тіл тигізуге;
- Бас киіммен және сыртқы киіммен жүруге;
- Темекі шегуге, спирттік ішімдікті қолдануға;
- Әр сабақтың басталуы алдында оқытушылар мен студенттер назарына 2 рет қоңырау соғылады; біріншісі -ескерту(сабақ басталуынан 2 минут бұрын), ал екіншісі- оның басталуы туралы. Сабақ аяқталған уақытта бір рет қоңырау соғылады.
- Студенттердің жетістіктері мен марапаттау
Студенттерге ғылыми-техникалық шығармашылықтағы және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысулары мен үздік үлгерімдері үшін мынадай өлшемдегі марапаттаулар беріледі:
- Алғыс жариялау;
- Бағалы немесе ақшалай сыйлықтармен марапаттау;
- Мақтау қағаздарымен марапаттау;
- Марапаттау директордың бұйрығымен жарияланады, бұл туралы барлық оқушылар тобына, жиналыста жеткізіледі. Бұйрықтың көшірмесі жеке іс қағазында сақталады.
- Оқудағы тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктері
Студенттердің ішкі тәртіп ережесін бұзғандарына, келесі жазалар қолданылады:
- Ескерту
- Сөгіс жариялау
- Колледжден босату
- Тәртіптік жазалау колледж директоры мен оның орынбасарының бұйрығы бойынша хабарланады.
Ескерту:
- Сабақты 8 сағат себепсіз босатқаны үшін ескерту беріледі.
- 18 сағат себепсіз босатқаны үшін қатаң ескерту беріледі.
- 36 сағат себепсіз босатқаны үшін колледжден босатылады.
Тәртіптік жазалау колледж директорының бұйрығы бойынша хабарланады. Колледжден босатылу колледж әкімшілігі мен оқытушыларына жүйелік бағынбаудың ең соңғы ескерту шаралары ретінде қолданылады. Студенттердің педагогикалық кеңес ұсынысымен, ал кәмелеттік жасқа толмаған студенттерді қалалық және аудандық кәмелеттік жасқа толмағандардың комиссиясының шешіміне сәйкес колледжден босатылады. Колледжден босатылған студенттер педагогикалық кеңес бекіткен, оқудан босатылғаны туралы көшірме және мінездемесімен қалалық кәмелеттік жасқа толмағандар комиссиясына жіберіледі. Олар әрі қарай оқыту- тәрбиелеу орталығына немесе жұмыспен қамтамасыздандыру орталығына жіберледі. Оқушылардың еңбек кітапшасына колледжде, күндізгі бөлімде оқығаны туралы жазба енгізіледі.