1 Жалпы ережелер

 

1.1 Ар-намыс - құрмет пен мақтанышқа лайықты адамның адамгершілік қасиеттері және соған сәйкесті қағидаттары.

 

1.2 Ар-намыс кодексі - адамның тәртіпті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ар-намыс кодексі жазалаушы құжат емес. Оқушы осы Кодекске сәйкес әрекет етеді, өйткені ол тәртіпті, білімді, өркениетті.

 

1.3 Байғанин техникалық колледжінің оқушысы, Қазақстан Республикасының жоғары білікті мамандарын даярлаудағы Колледждің миссиясын жүзеге асыруды өз жауапкершілігі ретінде сезіне отырып, білім алушы жастардың корпоративтік мәдениетін дамыту мен қолдауда. Осы Колледж оқушысы ар-намыс Кодексін қабылдайды және мүлтіксіз  орындауға міндеттенеді.

 

2 Нормативтік сілтемелер

 

Осы Кодекс мынадай нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, әзірленді:

 

2.1 ҚР Конституциялық заңдары.

 

2.2 « Білім туралы» заң.

 

2.3 «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы.

 

2.4 Колледж жарғысы

2.5 Колледж оқушыларына арналған ішкітәртіп ережелері.

 

2.6 Жоғары тұрған органдардың және инстанциялардың шешімдері.

 

3 Негізгі міндеттер

 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы».

 

4 Негізгі қызметтер

 

4.1 Оқушы Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, таңдаған мамандығы бойынша кәсіби шебер болуға, өз бойында жақсы адами қасиеттерді дамытуға ұмтылады. ҚР қолданыстағы заңнамаларын, БТК жарғысын, колледждің ішкі тәртіп ережелері және басқа да нормативтік актілерін сақтауы керек.

 

4.2 Оқушылар ортасында жоғары педагогикалық мәдениетті, сенім ахуалын және өзара сыйластықты сақтау қажет. Орын алған жанжалды бейбіт жолмен шешуге, басқа оқушыларға қатысты зорлық-зомбылықты пайдалануға жол бермеуі керек. Оқушы айналасындағыларға дөрекілік көрсетілуіне жол бермейді және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға көңіл бөледі және мүмкіндігінше оларға қамқорлық көрсетеді.

 

4.3 Оқушы шығармашылық белсенділіктерін дамытуға, колледж беделін және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған (ғылыми, спорттық, көркемөнер және т.б) әртүрлі қызметтің түрін қажетті және  пайдалы деп таниды.

 

4.4 Колледждің әкімшілік өкілдерімен, оқытушыларымен, қызметкерлермен қарым-қатынаста сыпайылық таныту керек, дөрекілік пен дұрыс емес көріністерге жол бермеу керек.

 

4.5 Колледжге және оқушы беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлықтан бойын алшақ ұстауы керек. Оқушы өз тәртібімен колледждң көрінісі болатынын есте сақтайды және әрқашан өзінің мінез-құлқымен, қарым-қатынасымен, тәртібімен колледж беделіне қолдау көрсетеді.

 

4.6 Түрлі зиянды әдеттерден аулақ болады. Оқушы салауатты өмір салтын ұстанады, жастарға денсаулыққа, оны сақтау және жақсарту мүмкіндігіне қатысты позитивті көзқарастарды насихаттайды.

 

4.7 Колледждің мүлкін қорғауды қамтамасыз ету және вандализм көріністеріне жол бермеу.

 

4.8 Сыртқы түрі тиянақты, этикалық нормаларға сәйкес келуі және оқу үрдісінде оқушылардың және оқытушылардың назарын алып, кедергі жасамауы керек.

 

4.9 Оқушы – әдептілік, мәдениет және мораль үлгісі, адамгершілікке жат қылықтарға қарсы және жыныстық, ұлттық  немесе діни белгілеріне қарай кемсітушілікке жол бермеуі керек.

 

4.10 Оқушы мынандай академиялық әдепсіздіктерге қарсы күресуді өзінің парызы санайды:

 

  • басқа да білім алушыларға өзі орындап бағаланған жұмысын беру;
  • тест, жаттығулар мен тапсырмаларда дайын жауаптарды, дайын жазбаша жұмыстарды пайдалану;
  • емтихандарда, сынақтарда электронды ақпарат құралдары мен байланыстарды пайдалану;
  • білімді бақылау кезінде көшіру және басқа адамдардан көмек сұрау;
  • жеке жұмысының нәтижесі ретінде кез-келген көлемдегі дайын оқу материалдарын, интернет – ресурстарды қоса алғанда, ұсыну;
  • неғұрлым жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану;
  • дәлелсіз себептермен кешігу және оқу сабақтарынан қалу;
  • оқушы лайықты болашақ маман болуы үшін сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда барлық аталған академиялық әдепсіздік түрлерін орынсыз деп таниды.

 

5 Ар-намыс Кодексімен оқушының танысуы оның талаптарын сақтау және және орындалуын бақылау

 

5.1 Осы Кодекс оны қабылдағаннан кейін жарияланады және колледждің оқушылары мен колледж ұжымына кеңінен қол жетімді болуын қамтамасыз етіледі.

 

5.2 Жаңадан қабылданған оқушылар осы Кодекстің талаптарымен таныс болуы керек.

 

5.3 Барлық оқушылар осы Кодекстің талаптарын орындауға міндетті.

 

5.4 Кодекс ережелерін бұзуды анықтаған оқушы оны өз күштерімен тоқтатуға немесе әкімшілікке хабардар етуі керек.

 

5.5 Оқушылардың ар-намыс Кодексін бұзуы тәртіптік шара қолдануға әкеп соқтырады.

 

5.6 Осы Кодекспен таныстыруды топ тәлімгерлерінің жауапкершілігіне жүктеледі.