Байғанин техникалық колледжі әдістемелік кеңесінің

2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

Мақсаты: Білім беру үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыру.

 

Негізгі міндеттері:

  1. Қазіргі заманғы оқытудың нысандары мен әдістерін іске асыру үшін жағдай жасап, ғылыми білім беру және шығармашылық ортаны дамытуға бағытталған жұмыста, педагогтардың, өндірістік оқыту шеберлерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жандандыру; біліктілікті арттыру, тағылымдамадан өту, кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу жолымен педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін арттыру;
  2. Кадрларды педагогикалық ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктері туралы ақпараттандыру;
  3. Озық педагогикалық тәжірибені анықтау, зерделеу және тарату;
  4. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттаудан өту кезінде көмек көрсету;
  5. Колледж оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету, кәсіптік стандарттардың талаптарын, WordSkills құзіреттілігін және дуальді оқыту элементтерін ескеретін білім беру бағдарламаларының жаңа мазмұнына сәйкес мамандықтар бойынша әдістемелік кешендерді өзектендіру.

 

Іс-шаралар атауы

Мерзімі

Жауаптылар

 

№1 Әдістемелік кеңес

1

Колледждің оқу-әдістемелік жұмысын 2019-2020 оқу жылына жоспарлау:

-       аттестатталатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің өткізетін іс-шаралар жоспарын құрастыру;

-       пәндік апталықтарды, кәсіби шеберлік апталарын өткізу кестесін, семинарлар, конференциялар кестесін құрастыру.

Қыркүйек

Әдіскер

 

2

2019-2020 оқу жылына арналған перспективалық жоспарларды құрастыру:

-       біліктілікті арттыру,

-       оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін аттестаттау;

-       арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамадан өтуі;

-       педагогтардың, өндірістік оқыту шеберлерінің өз білімін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Әдіскер

 

3

«Колледжде оқытатын мамандықтар мен кәсіптер бойынша студенттердің оқу және өндірістік тәжірибелері туралы» Ережені талдау.

Әдіскер

 

№2 Әдістемелік кеңес

1

Әкімшілік бақылау кесінділерін талдау.

қараша

дир.ОЖЖ орынбасары

 

2

1 қарашадағы аттестаттау нәтижелеріне талдау жасау.

 

3

Студенттердің жобалау, зерттеу жұмыстарын қорғауы.

Әдіскер

 

№3 Әдістемелік кеңес

1

2020 жылы пед кадрларды аттестациядан өткізу туралы

ақпан

Әдіскер

 

2

Қазақстанда «Жастар жылына» арналған жұмыс жоспарының іске асырылуы.

дир.ТЖЖ орынбасары

 

3

«Білім беру үрдісіне WordSkills стандарттарын енгізу» семинары

дир.ӨОЖЖ орынбасары

 

№4 Әдістемелік кеңес

1

Әкімшілік бақылау кесінділеріне талдау.

сәуір

дир.ОЖЖ орынбасары

 

2

1 сәуірдегі аттестаттау нәтижелерінің қорытындысы.

 

3

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру процесіне ІТ – технологияларды енгізу» практикумы

Оқытушы

Абат Қ

 

№5 Әдістемелік кеңес

1

2019-2020 оқу жылындағы циклдік әдістемелік комиссия жұмыстарының қорытындысы.

маусым

ТӘК төрағалары

 

2

Жастар ұйымының жұмысына талдау.

Әдіскер

 

3

2019-2020 оқу жылына оқушылардың біліктілігін арттыру қортындылары.

 

4

Педагогикалық шеберлікті арттыру мектебінің жұмысына талдау.

 

5

2020-2021 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік жұмыс жоспар жобаларын қарастыру.