«Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Байғанин  техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

төменде көрсетілген  уақытша бос лауазымға конкурстық тағайындау туралы

хабарландыру жариялайды.

 1.«Байғанин техникалық колледжі»  КММ-нің    Информатика   мамандығы бойынша

( уақытша декреттің орнына ) 

1.Байғанин ауданы, Қарауылкелді елді мекенінде орналасқан «Байғанин техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады. Толық атауы:  «Байғанин техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1.«Байғанин техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уақытша информатика лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

      білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

      оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

       Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      басқарудың инновациялық әдістері;

      педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

      экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Лауазымдық жалақы мөлшері штаттық кестеге  сәйкес  белгіленеді.

Конкурсқа  қатысу  үшін қажетті  құжаттар  тізбесі:

 1)  Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты   педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік

     10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Байқауға қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру колледждің ресми интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшасына  жарияланған сәттен бастап, «Байғанин техникалық колледжі» КММ-не мына мекен – жайға тапсыруы қажет: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы Барақ батыр №46 ғимараты.

Ақпаратты  нақтылау  үшін  анықтама  тел: (871345)22720 эл.п. Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Байғанин  техникалық колледж» КММ.

Құжаттарды  қабылдау  мерзімі :  29.08 -  05.09.2024 ж.аралығында

Қызметке  қабылданған  тұлғаға  көшіп – қону, көтерме  қаржысы төленбейді, тұрғын үй және түрлі жеңілдіктер  берілмейді.